Жаңалықтар

Астананың аспаны жабылмақ

2025 жылдың 22 сәуірі мен 7 мамыры аралығында Астана аспаны кей уақыттарда жабық болады. Бұған әскери парадқа дайындық себеп болып отыр.

«2025 жылғы 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында Астана қаласында әскери парадқа дайындық және оны өткізуге байланысты сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін әскери авиацияның жаттығу ұшуларын өткізу үшін әуе кеңістігін уақытша пайдалану шектеледі», – делінген ҚР Азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.

Осыған байланысты жолаушыларға өз рейстерінің нақты мәртебесін әуекомпаниялардың және әуежайдың анықтама қызметтерінен алдын ала нақтылап алуға кеңес беріледі.

Астана қаласы әуежайының анықтама қызметінің телефоны: +7 (7172) 702–999.