Трамп Украинадағы соғысқа кімді кінәлайды?
АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы соғысқа Владимир Путинді, Джо Байденді және Владимир Зеленскийді кінәлады, деп хабарлайды newsroom.kz.
Дональд Трамп 14 сәуірде Сальвадор президенті Наиб Букелемен кездесті. Ол осы кездесуде Зеленскийді тәжірибесіздігі үшін сынады.
Ол Зеленскийден бөлек екі тұлғаны айыптай сөйледі. Бірі — АҚШ-тың экс президенті Джо Байден, бірі — Ресей президенті Владимир Путин.
«Байденнің мұны аяқтауға (Украинадағы соғысты) мүмкіндігі болды. Зеленскийдің де мүмкіндігі болды. Бірақ Путин мұны ешқашан бастамауы керек еді», — деді Дональд Трамп.
АҚШ президенті «Үш адамның кесірінен миллиондаған адам өлді» деп те айтып қалған.