Елімізде бүгін ауа райы қандай болады?
16 сәуір, сәрсенбі күні Қазақстанда әртүрлі ауа райы күтіледі: кей өңірлерде жаңбыр жауып, үсік жүруі мүмкін, ал кей жерлерде күн ашық болып, жылы жел соғады.
«Қазгидромет» елдегі негізгі қалалар бойынша болжамды ұсынды.
Астана – күн бұлтты, түнде аздаған жаңбыр не қар жаууы мүмкін. Солтүстік-батыс пен батыстан соққан желдің жылдамдығы 9–14 м/с. Түнде 0…+2°C, күндіз +14…+16°C.
Көкшетау – жауын-шашынсыз, күн бұлтты. Жел солтүстік-батыстан, екпіні күндіз 23 м/с-қа жетуі мүмкін. Түнде 0…+2°C, күндіз +14…+16°C.
Алматы – таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан 3–8 м/с, найзағай кезінде екпіні 20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал. Түнде +10…+12°C, күндіз +14…+16°C.
Қонаев – кей уақытта жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан 9–14 м/с, найзағай кезінде екпіні 20 м/с-қа жетуі мүмкін. Түнде +9…+11°C, күндіз +16…+18°C.
Талдықорған – бұлтты, кей уақытта жаңбыр мен найзағай болуы ықтимал. Жел батыстан 7–12 м/с, екпіні 20 м/с-қа дейін. Түнде +8…+10°C, күндіз +13…+15°C.
Шымкент – түнде және таңертең жаңбыр, найзағай. Күн бұлтты. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с, екпіні 20 м/с. Түнде +11…+13°C, күндіз +20…+22°C.
Түркістан – жауын-шашынсыз, кей жерлерде шаңды дауыл болуы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с, екпіні 20 м/с. Түнде +11…+13°C, күндіз +22…+24°C.
Орал – жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 5–10 м/с. Түнде 0…+2°C, күндіз +16…+18°C.
Атырау – күн ашық, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 5–10 м/с. Түнде +6…+8°C, күндіз +18…+20°C.
Ақтау – кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Түнде +10…+12°C, күндіз +18…+20°C.
Ақтөбе – күн ашық, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, 4–9 м/с. Түнде -3°C-қа дейін үсік жүруі мүмкін. Күндіз +14…+16°C.
Қостанай – бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, екпіні 20 м/с. Түнде 0…+2°C, күндіз +16…+18°C.
Петропавл – күндіз жаңбыр жауып, найзағай болуы ықтимал. Жел батыс пен оңтүстік-батыстан 15–20 м/с, екпіні 28 м/с-қа дейін. Түнде 0…+2°C, күндіз +14…+16°C.
Павлодар – бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 9–14 м/с. Түнде +3…+5°C, күндіз +14…+16°C.
Семей – бұлтты, күндіз жаңбыр жаууы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан 7–12 м/с. Түнде +3…+5°C, күндіз +15…+17°C.
Өскемен – түнде жаңбыр, күн бұлтты. Жел солтүстік-батыстан 7–12 м/с. Түнде +3…+5°C, күндіз +15…+17°C.