Жаңалықтар

Еліміздің батысында заманауи көлік айрығы салынып жатыр

Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар «Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы» автомобиль жолының 0-36 шақырым аралығында ауқымды қайта жаңарту жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды newsroom.kz ҚазАвтожолға сілтеме жасап.

Жобаның маңызды элементтерінің бірі - "беде жапырағы" әдісімен екі деңгейлі көлік айрығын ың құрылысы. Бұл инфрақұрылымдық нысан KAZ10 «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 265-шақырымында (Сырым бақылау-өткізу пункті маңында) орналасқан және жаңа KZ07-04 «Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы» автожолының (Ақсай бағытындағы бақылау-өткізу пунктіне дейін) I кезеңінің бастау нүктесі болмақ.

 

Нысанның негізгі сипаттамалары:

 

- айрық құрамындағы жол өтпесінің ұзындығы — 63,373 м;

- нормативтік жүктеме — А14, НК-120, НК-180;

- құрылыстың жауапкершілік деңгейі — II (қалыпты);

- жағалаулық тіреуіштердің түрі — табиғи топырақта орналасқан тіреу діңгектер.

Бұл жоба жол қауіпсіздігін арттырып, оның өткізу қабілетін жақсартады. Көршілес өңірлермен көлік байланысын жеңілдетіп, Батыс Қазақстанның көлік инфрақұрылымын дамытуына септігін тигізбек.