«Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері»
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Астанадағы Бағдарламалар Офисінің және Қостанай облысы әкімдігініңқатысуымен мемлекеттік қызметшілерге, ҮЕҰ өкілдеріне және Қостанай облысының жұртшылығына арнап «Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері»тақырыбында оқыту семинар-тренингін өткізді,- деп хабарлайды newsroom.kz
Семинар-тренингке Қостанай облысының жергілікті құқық қорғау және сот органдарының, халықты әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ адвокатура институтының, азаматтық қоғам және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
Семинар-тренинг тыңдаушыларының алдында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Тастемір Әбішев, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы Бағдарламалар Офисі Басшысының міндетін атқарушы Юрий Фенопетов мырза құттықтау сөз сөйледі.
Семинар-тренингте Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық жүйесі зерделенді. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық мекемелердің сот және құқық қорғау органдарымен, басқа да мемлекеттік органдармен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл тетіктері қаралды.