Жаңалықтар

Ұлы Отан соғысында із-түзсіз кеткен жауынгердің сүйегі елге оралды

Ресейдің Новгород облысында қаза тапқан, 1908 жылы Семей облысында дүниеге келген Оразғали Белюбаевтың сүйегі туған еліне жеткізілді, деп хабарлайды newsroom.kz.

Ол 1943 жылдың тамызында Старая Русса қаласын азат ету кезінде ерлікпен қаза тапқан.

Ресейлік іздеушілер оның жеке басын сарбаз медальоны арқылы анықтаған. Кейін жауынгердің сүйегі Қазақстан дипломаттарына табысталды.

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев бұл оқиғаға қатысты:  

— Сол бір ауыр күндердің естелігі – халқымызды біріктіретін, кез келген сын-қатер алдында бірліктің маңызын еске салатын рухани негіз, — деп пікір білдірді.