АҚШ-та тағы да ұшақ апаты: қаза болғандар бар
АҚШ-тың Нью-Йорк штатында бортында алты адам болған ұшақ апатқа ұшырады. Салдарынан бір адам қаза тапты,- деп хабарлайды newsroom.kz
Ақпаратқа сәйкес, Mitsubishi MU-2B ұшағы Нью-Йорк штатының астанасы Олбани қаласынан оңтүстікке қарай 80 шақырымдай жерде орналасқан Копаке қаласына жақын маңдағы егістік алқабына құлаған.
Оқиғаның себебі мен борттағы басқа адамдардың денсаулық жағдайы туралы әзірге ақпарат жоқ.