Жаңалықтар

Ең қауіпті темекі – снюске заң жүзінде тыйым салынбақ

Ең қауіпті темекі – снюске заң жүзінде тыйым салынбақ

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс жобасы ілеспе түзетулерімен бірге бірінші оқылымда мақұлданды. Кодексті пысықтауға бағытталған Мәжілістегі жұмыстың қорытындысын шығарған Н.Нығматулин жоба баптарын депутаттар еліміздің әр өңірінде, әртүрлі алаңдарда талқыға салғанын айтты. ­– Нәтижесінде, барлық түйткілді нормалар бойынша ымыраға қол жеткізілді. Бүкіл азаматтық қоғам пікірін ескеруге тырыстық. Қабылданған соң бұл кодекс мемлекетіміздегі медициналық қызметтердің қолжетімділігін және сапасын арттырады деген үміттеміз, – деді спикер.

 width=

   

Дегенмен, отырыста шешімін таппаған бірқатар проблема көтерілді.

Депутаттар Денсаулық кодексіне шегілмейтін темекі бұйымдарын елге әкелуге, өндіруге, таратуға және сатуға тыйым салатын түзету енгізді. Мәселен, елімізде насыбай секілді еріннің астына салынатын темекі – снюстер кең тарауда. Ол жас ұрпақты шылымқор етеді. Н.Нығматулин бұлар отбасылар үшін қатерге айналғанын нықтады. – Бас санитарлық дәрігер былтырғы желтоқсанда снюске уақытша тыйым салу туралы қаулы шығарды. Бірақ бұл тауар әртүрлі жолмен, әрбасқа формада елімізге әкелініп, саудасы жалғасуда. Қазақстандық жасөспірімдер ары қарай тұтынып жатыр. Жалғыз санитарлық дәрігердің қаулысы аздық етеді. Әлдеқайда пәрменді шаралар керек. Ең алдымен олар заңнамалық деңгейде қабылдануы тиіс, – деді ол. Нұрлан Зайроллаұлы осы тыйымды бұзғанға жаза қарастырылуы қажет деді: «Ол жаза салмақты болғаны жөн. 5-10 АЕК айыппұл ешқандай тиімділік әкелмейді. Снюспен күрес шаралары спайс және синтетикалық есірткімен күреске ұқсас болуы, яғни кең ауқымды әрі жапай жүруі керек – деп түйді спикер. Сілтеме