Жаңалықтар

Атырауда ана мен бала өрт арасында қалып қойған

Атырау қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында автокөлік жанып жатқаны туралы шақырту түсті, деп хабарлады newsroom.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт сөндіру қызметі шақырту орнына дереу жетіп, жанып жатқан автокөліктің жанында орналасқан уақытша тұрғын үйге өрттің өту қаупі барын анықтады.

«Құтқарушылардың жедел іс-қимылының нәтижесінде уақытша тұрғын үйден 1996 жылы туған ана мен оның 2025 жылы туған сәбиі түтін аумағынан эвакуацияланды», - деп жазылған хабарламада.

Оларға ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Уақытша тұрғын үйге жақын тұрақтаған автокөліктің өртенуі салдарынан үйдің есік-терезелері балқыған. Зардап шеккендер жоқ.