Шоубиз

Қайрат Нұртас пен Дженнифер Лопес бірге ән шырқамақ

Астанада өтетін концертінде  әлем жұлдызы Дженнифер Лопес танымал әнші Қайрат Нұртаспен "Алматының түндерін-ай" әнін бірге шырқайды. Бұл туралы әншінің продюсерлік орталығы,- деп хабарлайды newsroom.kz

"Мен үшін бұл әдемі әнді Қайратпен бірге орындау үлкен мәртебе. Бұл өте жылы және әуезді естіледі, мен оған алғашқы ноталардан бастап ғашық болдым", - деді Дженнифер Лопес.

Қайрат Нұртас өз кезегінде «Алматының түндері-ай» әні уақыт сынынан өтіп, халық сүйіспеншілігіне бөленген ән екенін және оның қазіргі ХИТ-інің енді тыңдарман тыңдауы әлемдік аудитория үшін өнер жолындағы маңызды кезеңге айналғанын атап өтті.

Еске сала кетейік, Дженнифер Лопес 1 тамызда Астанада өнер көрсетеді. Ол Up All Night әлемдік турненің аясында Абу-Дабиден Қазақстанның астанасына келеді.