Елнұр Бейсенбаев: Қаншама қазақ жастары Магнумда жұмыс істеп жүр
Магнумға қатысты оқиғаға депутат Елнұр Бейсенбаев пікір білдірді,- деп хабарлайды newsroom.kz
Біріншіден, манипуляцияға жол беруге болмайды. Мен бұл мәселені зерттедім, қарадым. Бұл тек Еңбек кодексі аясында реттелетін дүние. Бұл жұмыс беруші мен жұмысшының қарым-қатынасы. Одан бір саяси, қоғамдық резонанс тудырып, қазақ тілі қорланып жатыр деген әңгіме емес. Бұл – жеке бастың дауы. Осы жазып алған бейнекамералар жоқ. Қандай әңгіме айтылғанын біз білмейміз. Сол себептен, менің ойымша, Магнум да, қоғамдағы көп белсенділер де тек манипуляцияға алданып отырған сияқты. Ол біздің ішіміздегі кәсіпкер, қаншама қызмет беріп жатыр. Қаншама қазақ жастары Магнумда жұмыс істеп жүр. Одан қалса, екі қазақ баласының арасындағы конфликт. Менің ойымша, одан бір дау тудырып, қаншама адам жұмыссыз қалады деп, бұлай айту қажет емес дүние деп есептеймін. Сіздер де, бұқаралық ақпарат құралдары, осындай тексерілмеген, нақты ақпараты жоқ, баяғыда айтатын еді ғой "самаурыннан су кетті десе, Самарқандты су алды деген" әңгіменің пұшпағында кетудің қажеті жоқ. Қою керек қой ондай нәрсені. Ол біздер Парламентте немесе сіздер талқылайтын дүние емес,- деді депутат.