Жаңалықтар

Үкімет 128 салықтық жеңілдіктен бас тартуды ұсынды

The final spritzer

Қазақстан Үкіметі 1,3 триллион теңгеден асатын 128 салықтық жеңілдікті алып тастауды ұсынды. Бұл туралы Мәжілісте өткен жаңа Салық кодексі жобасының алғашқы оқылымында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды newsroom.kz.

Министрдің айтуынша, жеңілдіктерді қысқарту арқылы салық жүйесі айқын әрі ашық болады. Сонымен қатар, жеңілдіктерді беру, ұзарту және қысқарту тәртібі нақты жазылады.

Жаңа Салық кодексі жобасында қосымша құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесін 12 пайыздан 16 пайызға дейін арттыру көзделіп отыр. Ал ҚҚС төлеу шегі 40 миллион теңге көлемінде белгіленбек.

Осыған байланысты Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында министрлер кабинеті мен депутаттардың жаңа Салық кодексіне қандай түзетулер ұсынғанын айтып берді.

Айта кетейік, салықтық жеңілдіктер – мемлекет тарапынан белгілі бір санаттағы салық төлеушілерге берілетін толық немесе ішінара салықтан босату. Қазақстанда, мысалы, ауыл шаруашылығы өндірушілері мен кооперативтер үшін мұндай жеңілдіктер бар: олар бірқатар салықтарды 70 пайызға дейін азайтып төлей алады. Сондай-ақ арнайы салық режимдері, жеңілдетілген ставкалар және кейбір міндеттемелерден босату сияқты шаралар қолданылады.