Маусымдық аллергиядан қалай құтылуға болады?
Маусымдық аллергиядан қалай құтылуға болады?
Аллергия деген не?
Аллергия – ағзаның иммундық жүйесінің кейбір сыртқы тітіркендіргіштерге аса сезімталдығы. Мысалы, жан-жануарлардың жүніне, өсімдіктердің тозаңына, түрлі азық-түлікке, химиялық заттарға, шаңға, дәріге, жәндіктердің уына, косметикаға және басқа да заттарға алларгия болуы мүмкін. Ағза кейбір заттарды ағзаға қауіп төндіреді деп қабылдап, оларға қарсы антидене жасайды. Келесі жолы сол аллерген әсер еткенде қайта антидене бөлінеді. Көзден жас ағу, құсу, қышыну, т.б. белгілер – ағзаның аллергенге қарсылығы. Кейде жағымсыз иістің мұрныңды жыбырлатып жіберетіні болады. Немесе ұстаған нәрсең қолыңа жақпағандай сезімде боласың. Мұндай аллергия өте әлсіз, оны тіпті байқай да бермейсің. Керісінше, аллергиялық реакция өте күшті болуы да мүмкін, кейде тіпті өмірге қауіп төндіреді. Аллергиясы бар адамдар анафилактикалық шокқа – ауыр патологиялық күйге түсуі мүмкін.
Аллергия не себепті пайда болады?
Кейбіреулердің иммундық жүйесі аллергендерге аса қатты реакция беріп, түрлі химиялық заттар түзеді. Жиі кездесетіні – гистамин деп аталатын қонағысқа арналған антидене. Ол аллергиялық белгілер тудырады.
Аллергияның клиникалық белгілері:
— Мұрынның сілемейлі қабатының қабынуы;
— Көздердің қызаруы, сулануы, қышуы;
— Есекжем, қышыма;
— Буындардың ауыруы, ісінуі;
— Іш өту, жүрек айну, құсу.
— Жоғарғы тыныс алу жолдарының қабынуы, демікпе.
— Бастың ауыруы;
— Құлақтың тұнуы, есту қабілетінің төмендеуі.
Аллергиялық реакция бірнеше минуттар бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін. Ал ардагер-аллергиктерде тіпті айлар бойы жүреді. Және жыл өткен сайын ағзаның сезімталдығы арта түсіп, жаңа аллергендер қосылып отырады. Ауру асқынған кезде жоғарыдағы белгілердің барлығы бірдей қозатындықтан, науқастың жүйке жүйесіне де орасан салмақ түседі.
Асқыну:
— Анафилактикалық шок;
— Квинке ісігі
— Тыныс алудың қиындауы;
— Тамыр соғысының жиілеуі;
— Суық тер;
— Терінің жабысқақ болуы;
— Бөртпе басуы;
— Асқзанның бүріп ауыруы;
— Бас айналу;
— Талықсу;
— Қалшылдау, тырысу;
— Құрғақ жөтел.
Күрделі жағдайда медициналық көмек жедел көрсетілмесе, науқас санаулы минуттарда о дүниеден бірақ шығуы мүмкін.