Биткоин бағасы арзандады
Көп сұранысқа ие биткоин бағасы арзандады. Оның 1 данасы 74 мың долларға дейін төмендеді, деп хабарлайды newsroom.kz.
Бұған АҚШ-тың сыртқы сауда саясаты әсер етті.Мұндай құлдырау былтыр қараша айынан бері болған емес. Цифрлық валюталарды айырбастау қызметі «Байнанстың» мәліметінше, биткоинның 10 пайызға арзандауынан трейдерлер 1 млрд доллар жоғалтқан. Айта кетейік, осыған дейін виртуалды ақша құны шарықтаған еді. Әсіресе Дональд Трампты ұлықтау рәсімі кезінде, яғни 20 қаңтарда бір биткоин 109 мың долларға саудаланды.