Әлем

Нью-Йоркте ер адам балаларға пышақпен шабуыл жасады

Нью-Йоркте ер адам өтіп бара жатқан адамдарға пышақпен шабуыл жасап, бірнеше адамды жарақаттады,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы New York Post басылымына сілтеме жасап.

Зардап шеккендердің арасында 8 бен 16 жас аралығындағы үш қыз, сондай-ақ бір әйел бар.

Шабуылшының полицияның пышақты тастау талабын елемей, тәртіп сақшыларына шабуыл жасамақ болғаны атап өтілді. Олар қылмыскерді атып тастауға мәжбүр болды.

Шабуылшы аман қалып, ауруханаға жеткізілді. Бұл оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.