Қазақстандағы айырбастау пункттерінде доллар бағасы күрт қымбаттады
Қазақстандағы айырбастау пункттерінде доллардың бағамы күрт өсті, деп хабарлайды newsroom.kz. Мәліметтерге сәйкес, 11:20-дағы жағдай бойынша доллардың бағамы келесідей:
Астана: сатып алу – 514, сату – 520 теңге;
Алматы: сатып алу – 511-515, сату – 517-518,5 теңге;
Шымкент: сатып алу – 510-513, сату – 517-519 теңге.
Еуроның сату бағамы көптеген айырбастау пункттерінде 570 теңгеден асты, ал рубльді 6,1 теңгеге сатып алуға болады.
7 сәуірге арналған Ұлттық банктің ресми долларға белгіленген бағамы 504,34 теңге.