АҚШ-та су тасқыны: 16 адам мерт болды
Толассыз жауған жаңбыр АҚШ-тың орталық бөлігінде жойқын су тасқынына әкеліп, кем дегенде 16 адам қаза болды. Бұл туралы CNN арнасы мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz
Дауылды болжау орталығының мәліметі бойынша, Огайо алқабынан Техастың оңтүстік-шығысына дейін 41 миллион адамға қауіп төніп тұр. Арканзас, Миссури, Теннесси және Миссисипи штаттарында су тасқыны туралы ең жоғары, 4-деңгейдегі ескерту жарияланды.
Сондай-ақ, жауын-шашын апаттық эвакуацияға және жолдардың жабылуына әкелді.
Айта кетелік, сенбі күні 6 мыңнан астам рейстің кешігуі және электр қуатының жаппай үзілуі тіркелді. Метеорологтар үш күндік нөсерді «дауыл маусымынан тыс бұрын-соңды болмаған» деп атады.