Өрт сөндіруге бара жатқан құтқарушылар жолда апатқа ұшыраған жүргізушіге көмектесті
Абай облысына өрт сөндіруге көмекке бара жатқан елордалық ТЖД тобы жол көлік оқиғасы кезінде зардап шеккен адамға көмектесті, деп хабарлайды newsroom.kz.
Павлодар мен Семей қалаларының арасында жеңіл көлік жолдан шығып, аударылып кеткен көлікті көрді. Құтқарушылар тоқтап, зардап шеккендерге көмектескен.
ТЖМ қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел медициналық жәрдем бригадасын шақырған.