Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Бұрынғы дипломат Сәкен Мамаш қамауға алынды

Астана полициясы экс-дипломат Сәкен Мамашты қамауға алды. Былтыр оның әйелі 10 жылдан бері күйеуінен зорлық көріп келе жатқанын мәлімдеп, Қазақстан билігінен көмек сұрағаннан кейін бұрынғы дипломатқа қарсы қылмыстық іс қозғалған еді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бұрынғы дипломат Сәкен Мамаш қамауға алынды
Фото: Kursiv Media

 

"Былтыр бұрынғы елшінің кеңесшісіне қарсы әйелін тұрақты түрде ұрып-соққаны үшін қылмыстық іс қозғалған. Полиция жедел-тергеу тобын құрған. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін бірқатар қажетті сараптама жүргізілді. Айтарлықтай дәлелдемелік база жинақталды. Тергеу соты М.С-ны қамауға алу туралы шешім қабылдады" деп жазылған полиция хабарламасында.

Былтыр көктемде бұрынғы дипломаттың әйелінің шағымы жарияланған шақта сыртқы істер министрлігі Қазақстанның БАӘ-дағы елшісінің кеңесшісі Сәкен Мамашты елге қайтарып жатқанын хабарлаған. Ізінше дипломаттың әйелі БАӘ-дан Астанаға келіп, балаларымен бірге дағдарыс орталығына орналастырылғаны хабарланды.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату