Көшпенділер ойындары: Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті

02 Қыркүйек, 2018 1401 0

Бүгін Қырғызстанның Шолпан ата қаласында III Дүниежүзілік көшпенділер ойындары бейресми түрде басталды, деп хабарлайды Newsroom.kz ақпарат порталының тілшісі.

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына алғашқы жүлделер түсті.

Тәжіктің ұлттық спорты белбеу күресінен қос спортшымыз қола жүлдегер атанды. Олар 68 кг салмақ дәрежесінде Мұратхан Берікбол және 100+ кг Жанділдаев Мақсат.

Іс-шараның алғашқы күні гуштини милли камарбанди (тәжік күресі), тоғызқұмалақ, мангала және овари ойындары бойынша сайыстар басталды.

Қысқаша айта кетер болсақ, Көшпенділер ойындары 2-8 қыркүйек арасында Қырғызстанның Шолпон-Ата қаласында өтеді. Биылғы сайысқа 80 елден 3000-ға жуық спортшы атлеттер келген. Олар 37 этноспорт түрі бойынша сынға түседі.



Алтынбек ҚҰМЫРЗАҚ,

Шолпон-Ата, Қырғызстан


NewsRoom + АА III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ақпараттық тұрғыдан сүйемелдеуге қол ұшын созған ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне Алғыс білдіреді.

Тегтер: қырғызстан, көшпенділер, ойын, жаңалықтар, алтынбек, құмырзақ

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.