Онда Тасмағамбетов өзіне қатысты "Ресейшіл ұстанымда" деген айыптауларды жоққа шығарып, Қазақстанның мүддесіне адалдығын баса айтты.
Сонымен қатар, ол ҰҚШҰ-дағы қызметі ел қауіпсіздігіне бағытталғанын, бұл оны сатқын етпейтінін жеткізді. Сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі жалған ақпараттар мен манипуляцияларға сенбеуге шақырды.
Қазіргі уақытта видеоны растайтын немесе жоққа шығаратын ресми ақпарат жоқ.