Филиппиндегі ұшақ апаты: қаза тапқандар бар
Филиппиннің Пангасинан провинциясында Cessna оқу-жаттығу ұшағы апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Inquirer News-ке сілтеме жасап
Мәліметтерге сүйенсек, ұшақ апаты салдарынан 32 жастағы нұсқаушы ұшқыш пен 25 жастағы студент ұшқыш оқиға орнында қаза тапты.
Бұл оқиғаға байланысты тергеу басталды.