Жаңалықтар

«Аяла» қайырымдылық қоры Мақтааралдық балаларды қуантты

«Аяла» қайырымдылық қоры Мақтааралдық балаларды қуантты

Алматы облысы Қапшағай қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында демалып жатқан Мақтаарал ауданының 6 мектебінің балаларына «АЯЛА» қайырымдылық қорының басшылығы қонаққа келді. Қайырымды жандар 15 млн теңге қаражатына 5-9 сынып оқушыларына 251 жинақтама киім, аяқ киім және кеңсе тауарлары салынған рюкзактар табыстады. Балаларға қолдау көрсетіп, қуанышты көңіл-күй сыйлау үшін қормен бірге әйгілі JOKEASSES командасының вайнерлері келді.  width=
«Түркістан облысының әкімдігінен біз Қапшағайға Мақтаарал ауданынан балалардың келгені және оларға киім керек екені туралы мәлімет алдық. Бұдан кейін біз Қапшағай қаласындағы «Балдәурен» РОСО басшылығына хабарласып, нақты не сатып алыу керектігін білдік. Сөйтіп, әр баланың жасын, бойын және өлшемін ескере отырып, 251 жинақтама жасадық. Бұған қосымша мектепте оқуға қажеттінің барлығы салынған жақсы рюкзактар сыйлауды шештік. Демалыстың мұндай тамаша аяқталуы оларға жақсы көңіл-күй сыйлап, бүкіл жазға қуат берді деп үміттенеміз», - деп пікірін білдірді «АЯЛА» қорының президенті Айдан Сүлейменова.  width=
Мақтаарал ауданың балалары оқу-сауықтыру орталығында 2 аптадан бері демалып жатыр. Олар ашық бассейнде шомылып, сауықтыру, спорт секцияларында тенниспен, садақпен атумен, фитнеспен айналысты. Білікті педагог-психологтар олармен жұмыс істеді. ТЖБ қашықтықтан тапсырып, оқу жылын сәтті аяқтады. «АЯЛА» қайырымдылық қоры Қазақстанда қайырымдылық дәстүрін және мәдениетін тәрбиелеуді көздейді. Қордың барлық жобаларының негізгі мақсаты – балалардың өмірін жақсартатын қоғамдағы жағымды өзгерістер.  width=  width= Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі