Жаңалықтар

Салық органы қызметкерлері әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Кәсіпкер субъектісінің өтініші бойынша Түрксіб ауданының прокуратурасы мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларын әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Салық қызметкерлері тексеру жүргізу барысында кәсіпкердің құқықтарын өрескел бұзған.

Талдау нәтижелері бойынша кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қадағалау актісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс өндірісі тоқтатылды.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жұмысы ерекше бақылауда тұр.