Жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі

IBF және WBO тұжырымдамалары бойынша орта салмақтағы чемпион Жәнібек Әлімханұлы 5 сәуірде жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды newsroom.kz.

Кәсіби бокс кеші Астанадағы Барыс аренада өтеді. Отандасымыз өзіне тиесілі белбеулерді француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгуге қарсы қорғайды. Жекпе-жек «Qazsport» және «Qazaqstan» телеарналарында тікелей эфирде көрсетіледі.

Бұл кеште сондай-ақ Сұлтан Зауырбек пен Азинга Фузиле, Батыр Жүкембаев пен Кейн Гарднер, Балауса Мұздиман мен Розалинда Родригес, Баходир Жалолов пен Игорь Шевадзуцкий арасында да жекпе-жектер өтеді.

Ағайынды Сабырхандар да осы кеште өнер көрсетеді.