Экология

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Жасыл аула» акциясы басталады

Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында «Жасыл аула» акциясына қатысу үшін қала тұрғындарынан өтінімдер қабылдау басталады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Жыл сайынғы акция аясында қала тұрғындары көпқабатты үйлердің аулалары мен қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыру үшін жапырақты ағаштардың көшеттерін тегін ала алады. Акцияның негізгі мақсаты-жасыл қорды көгалдандыру және сақтау бағдарламасын жалғастыру, сондай-ақ тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. 

Акцияның көктемгі кезеңіне қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1-11 сәуір аралығында жалғасады. 

Қатысу үшін zhasyl_aula_2025@mail.ru электрондық мекенжайға мына деректертерді жіберу қажет:

• Бастамашыл тұлғаның аты-жөні және байланыс деректері,көшет отырғызылатын нақты мекенжай;

• Жоспарланған отырғызу алаңының бірнеше фотосуреті (мамандар орналасқан жерді бағалай алатындай панорамалық фотосурет);

• Көшеттердің қажетті санын көрсетіңіз.

Акцияға қатысатын қала тұрғындары болашақта көшет отырғызу туралы фоторепортаж ұсынуы қажет.