Ақтөбеде полицейдің денесі табылды
Әлеуметтік желілерде Ақтөбе қаласында полицейдің мәйіті табылғаны туралы ақпарат тарады. Бұл деректі қалалық полиция департаменті растады,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, тәртіп сақшысының денесі өз үйінен табылған, зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.
Марқұмның денесі тұрғылықты мекенжайынан табылды, өлімнің сыртқы белгілерінен зорлық-зомбылық байқалмады, – деп хабарлады департамент өкілдері.
Полиция өкілдері қайтыс болған қызметкердің бұрынғы операциядан кейін ем қабылдап жүргенін де атап өтті.
Қазіргі таңда оқиға бойынша тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.