Шымкентте 1 киллограм есірткімен курьер ұсталды
Ішкі істер министрлігі Шымкент қаласында 25 жастағы азамат ұсталғанын мәлімдеді. Одан есірткі және синтетикалық есірткілерді өткізуге арналған заттар тәркіленді, деп хабарлайды newsroom.kz.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар бірқатар қылмыстың жолын кесті. Күдіктінің айтуынша, ол есірткі таратумен айналысып, интернет-есірткі дүкені үшін ораушы әрі курьер қызметін атқарған.
Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы бір килограмға жуық. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.