27 наурыз: елімізде күн райы қандай?
Қазгидромет 27 наурызға арналған болжамды ұсынды. Бірқатар өңірде тұман болып, жел соғады, соған байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
Алматы, Жетісу, Қызылорда, Қарағанды, Ұлытау облыстарында екпінді жел соғады.
Түркістан облысында жауын-шашын, тұман, жел соғады.
Шығыс Қазақстан, Павлодар, Абай, Маңғыстау облыстарында тұман түседі.
Жамбыл, Жетісу, Алматы облыстарында жел соғып, тұман түседі.