Әлем

Түркия зауытындағы жаппай улану: 9 жұмысшы ауруханаға түсті

Түркияның Балыкесир провинциясының индустриялық аймағындағы зауыттардың бірінде төтенше жағдай орын алды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Журналистердің айтуынша, техникалық қызмет көрсететін фабриканың ғимаратын тазалау кезінде аммиак пайдаланылған. Алайда, желдету жүйесіндегі ақаудың салдарынан қауіпті түтін аумаққа тарап, көрші кәсіпорынның жұмысшыларына зардап шекті.

Уытты заттың ағуы салдарынан тоғыз адам зардап шекті. Олардың барлығы улану белгілерімен шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. Әзірге жұмысшылардың жағдайы туралы ақпарат жоқ.