Жаңалықтар

ҰБТ-2025: 121 талапкердің нәтижесі жойылды

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, 2025 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде ереже бұзған 121 талапкердің нәтижелері жойылды, - деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап.

Тестілеуге қатысушылардың 70,7%-ы қазақ тілінде, 29,2%-ы орыс тілінде, ал 100 талапкер ағылшын тілінде тапсырды.  

Ереже бұзушылықтардың негізгі себептері:  
- 43 талапкердің тыйым салынған заттарды алып кіруге әрекеттенуі;  
- 55 талапкердің тестілеу барысында тәртіп бұзуы;  
- 23 талапкердің сертификаты бейнежазбаларды тексеру нәтижесінде жойылуы.  

Ұлттық тестілеу орталығы академиялық адалдықты сақтау үшін бақылауды күшейтіп, талапкерлерді ережелерді қатаң сақтауға шақырады.