Армения парламенті ЕО-ға кіруінің басталуын мақұлдады
Армения парламенті «Армения Республикасының Еуропалық Одаққа қосылу процесінің басталуы туралы» заң жобасын екінші және соңғы оқылымда мақұлдады,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы News.am. сайтына сілтеме жасап.
64 депутат қолдап, жетеуі қарсы дауыс берді. Құжат 12 ақпанда бірінші оқылымда қолдау тапты, қаңтарда жобаны Армения үкіметі мақұлдады. Оны парламент қарауы үшін бастамашылар – «Демократиялық күштер тұғырнамасы» партиялар бірлестігі 50 мың қол жинауы қажет. Ол екі айда 60 мың жинады,- делінген мәлімдемеде.