Ол менің жүрегімде сақтаулы ...

23 Наурыз, 2020 140 0

Махаббат туралы болар деп ойлап қалған шығарсыз !?  Бұл әңгіме достар арасындағы махаббат жайлы. 

Дос деген ұғымды кім қалай түсінеді ? Мен үшін оның орны бөлек еді. Алғаш біздің үйге келгенде мен одан сөгіс естіп қалдым. Сол сәттен бастап оның менің өмірімде үлкен жол сілтеуші, бағыт-бағдар нұсқаушы, сүрінген сәтте демеу болатын, қиналған кезде қасымнан табылатын, жамандығымды жасырып, жақсылығымды асырып жүретін адал досым деп білдім. Біздегі сәйкестік бір мектеп, бір сынып, бір партада, бір өнер мектебінде, бір аспапта бірге оқыдық керек  десеңіз үйімізде бір көшеде орналасты. Неткен сәйкестік десеңізші ! Алланың өзі біздің бірге жүргенімізді қалағандай. Мен оның талантына таң қалам кез-келген істі дөңгелентіп әкетеді ақылына көркі сай деген теңеу оған арналғандай. Бір-бірімізді қайғыда да қуанышта да үнемі қолдаймыз сырымызбен бөлісіп, көріспесек сағынысып жүздесуге асығамыз. Ол менің көңілімдегі бір кірбіңді тез байқайды соның жауабын алып, шешімін тапқанша тағат таппайды. Басымыздан талай қызық күндер өтті біраз нәрсені бүлдіріп, қайта қалпына келтірдік. Көрші- қолаңның бәрі мені онсыз, оны менсіз көрсе сұрақтың астына алушы еді. 

Достықтың түр-түрі болады екен. Уақытша достық сенде бар кезде қасыңнан шықпайтын, басыңа күн туса бұрылыпта қарамайтын досымақтар. Ал тек өз пайдасын ойлайтын сырты сыпайы іші қу достар бар сендегі өзіне пайда келтіретін дүниені алғанша асығатын. Бір күн араласып, екінші күні ұмыт болатын көрінбейтін достар бар.  Ал біз достықтың мәңгілік қамалын тұрғызыппыз. Бұны не себепті айтып отыр дерсіз. Арада 6 жылға жуық уақыт өтті біз бір-бірімізден жырақтамыз. Мен одан жыраққа алыстап бас қалаға көшіп кеттім.  Осында жүргелі 4 жылдан астам уақыт өтседе менің жанымды түсінетін менің табиғатыма сай дәл ондай кезіктірмедім. Кеуделері пасықтыққа толы ішкі жан-дүниеңе қарап емес, материалдық жағдайыңа қарап санасатын дос сымақтарды жолықтырдым. Ф. Оңғарсынова апамыз бір сұхбатында менің өмірімде өзіме жақын тартқан досым болмапты сол себептенде мен досы жоқ жанды  “дара” адам деп білем деген екен. Кейде менде осы бір сөзді тілге тиек етем. 

 

Сөз соңы:    

Дос болам десең, досыңды сыйла қымбаттым !

Досыңа сонда, досыммен ғана қымбатпын.
-деп, Мұқағали атам айтқандай арадағы сыйластық үзілмесін.  
Автор:  AQMAIROSH

Тегтер: Махаббат, Достық, Мұқағали,

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.