Өзін жетілдіргісі келген адам неден бастау керек?

23 Наурыз, 2020 49 0

Өзімді дамытам, жеке дамумен айналысам деген адам мына 4 нәрседен бастау керек: 
1. Тамақты шектеп, 
2. Ұйқыны азайтып,
3. Көп сөзді қойып, 
4. Оңашаланып тұруы керек.
Бұл - Ислам ғалымдарының кеңесі.

Тамақ. 

«Ауру – астан» деген сөз рас. Бір тамақты қорытпай келесі тамаққа көшеміз. Кейде өмір сүру үшін тамақ жейтін емес, тамақ жеу үшін өмір сүретін жандарға ұқсаймыз. Көп уақытымыз тамаққа кетеді. Негізі қарын ашқанда, ғана дастарханға отыру керек. Соңғы рет қашан аштық сезімін сезіндіңіз ?

Тамақты шектеу үшін аптасына 2 күн –дүйсенбі және бейсенбі ораза ұстауды әдетке айналдыра бастадым. Қыстыгүні күн қысқа. Соны пайдаланып, жақсы бір әдет қалыптастырып алғым келеді. Кейін жазда күн ұзарғанда жеңіл болады. Ораза кезінде ағза демалады, тазарады. Жақсы бір профилактика бұл. Ойың да жинақы, себебі тамақты ойламайсың. Өнімділігіңде артады екен. Жалпы ашығудың пайдасы жайлы біраз ғылыми еңбектер жазылды. Әлем ойшылдары да соны растады. 

 Ұйқы. 

Тамақ аз жеген соң, ұйқы да қыспайды. Тамақ қорытуға көп энергия жұмсағандықтан, ұйқымыз келеді, жалқаулық басады. Сағаттап ұйықтасаң да, ұйқың қанбайды. Қанша сағат ұйықтағаныңнан гөрі қаншалықты сапалы ұйықтағаның маңызды. Мысалы, қазір 5-6 сағат ұйықтап жүрмін. Тыңмын. Бөлменің салқын болғаны жақсы. Сапалы ұйқы- терең ұйқы. Терең ұйқы үшін ең қолайлы температура: +15 градус. Ұйқы үшін әр сағаттың сапалылық коэффициентін де ескеру керек. Мысалы, 22:00-04:00 арасындағы 6 сағаттық ұйқы 00:00-06:00 арасындағы 6 сағаттық ұйқыдан сапалырақ. 22:00-01:00 арасында ұйқы кезінде ми тынығады, 00:00-03:00 кезінде дене демалады. Байқасаңыз, кейде 01:00-де жатып, сағат 10:00-де тұрсаңыз да басыңыз «сынып» тұрады. Бұл ми демалуы керек уақытта ұйықтамағаның салдары. 

Көп сөз.  

Мен көп сөйлемеймін. Маған тыңдаған ұнайды. Адам көп сөйлеген сайын қателік жасау ықтималдығы да жоғарлайды.  Кезінде адамдар өзін тәрбиелеу мақсатында аузына тас салып жүрген екен. 

 Оңашалану.  

Оңашалану жайлы сопылық әдебиеттер де, батыстық тренингтерде де көп айтылады. Бір сәт өз- өзіңмен қалып, ой жүгіртуің, өмірді саралауың керек. Мен көп оңашаланам. Интроверттік табиғатымнан болар. Жалпы дүниелік, ақпараттық шуды тастап, оңашаланған кезде даналық есігін ашқандай боласың. Небір ойлар туады. Жоспарларың да дұрысталады. 

 

 Дерек көз: Данияр Жігітбек “Лайфхактар” кітабынан

Тегтер: Лайфхак, Даму, Тамақ, Оңашалану,

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.