Жаңалықтар

Ресейде оқу-жаттығу ұшуы кезінде Су-25 ұшағы апатқа ұшырады

Ресей Федерациясының Приморск өлкесінде жоспарлы оқу-жаттығу ұшуы кезінде Су-25 ұшағы құлады,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Oxu.Az сайтына сілтеме жасап.

"Наурыздың 24-і күні Приморск өлкесінде Су-25 ұшағы жоспарлы оқу-жаттығу ұшуы кезінде апатқа ұшырады. Ұшқыш ұшып кетті. Оны іздестіру-құтқару тобы қону орнынан эвакуациялады. Өмір мен денсаулыққа қауіп төніп тұрған жоқ", - деп хабарлады әскери ведомство.

Ұшу оқ-дәрісіз орындалды, ұшақ адам тұрмайтын аумаққа құлады, жерде ешқандай зақым жоқ.

"Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға техникалық ақау себеп болған. Оқиға орнына Ресей Аэроғарыш күштерінен комиссия аттанды", - деп толықтырды ведомстводан.