Тұрғындар қаланың жауын-шашынға дайын емесін айтып, суағарлардың салынбауына шағымдануда.
– Аймағқта кейінгі жылдары жауын-шашын жиіледі. Бұл бір жағынан қуантады. Бірақ көшелерді су басып, осындай қиындықтарға тап болып жатырмыз. Жыл сайын қайталанады. Мәселе түбейгейлі шешілсе екен, - дейді қала тұрғыны.
Ал, Ақтау қаласының әкімдігі су сору жұмыстарының жалғасып жатқанын жеткізді. Коммуналдық қызмет мамандары күні-түні еңбек етуде.
– Ақтауда коммуналдық сала қызметкерлері автомобиль жолдарында жиналған жаңбыр суын сорып алу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстарға 13 қызметкер, 12 су сорғыш мотопомпа және арнайы 4 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 350 шаршы метр жаңбыр суы алынды. Аталған жұмыстар қала аумағында тәулік бойы жалғасуда, - деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.