Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

ERG және «Еуразиялық банк» иесі Александр Машкевич қайтыс болды

ERG және "Еуразиялық банк" компанияларының иелерінің бірі Александр Машкевич дүниеден өтті, деп хабарлайды newsroom.kz порталы  "Курсив" басылымына сілтеме жасап.

ERG және «Еуразиялық банк» иесі Александр Машкевич қайтыс болды

Денсаулық мәселелері туралы алғашқы мәліметтер екі жыл бұрын тарай бастады. Nege.kz сайтының мәліметінше, 2023 жылдың сәуірінде Машкевичке миындағы ісікті алып тастау  отасы жасалған. Алайда ERG өкілдері бұл ақпаратқа түсініктеме беруден бас тартқан.

Активтері:

Машкевичтің ERG компаниясындағы үлесі 20% шамасында болған. Бұл үлес оның серіктестері Патох Шодиев пен Ибрагимовтар отбасының үлесімен тең.

ERG-дің 40%-ы мемлекетке тиесілі.

Компания құрамына Қазақстандағы ең ірі өндірістік активтер, соның ішінде "Қазхром" және ССГПО кіреді.

Сондай-ақ, Машкевич "Еуразиялық банк" пен "Евразия" сақтандыру компаниясын басқарған.

Мұрагерлік дауы:

Бизнесменнің қайтыс болуы Еуразиялық қаржы компаниясының (ЕФК) акционерлері арасындағы дау аясында орын алды.

Марқұм Әліжан Ибрагимовтың ұлы Шухрат Ибрагимов компанияның сатылуына қарсы шыққан.

БАҚ мәліметінше, компанияны Тимур Турловтың Freedom Holding Corp. сатып алуы мүмкін еді. Мәміле құны шамамен 1 миллиард доллар деп бағаланған.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату