22 наурыз мейрамының шығу тарихы
• Наурыз мейрамын әлем халықтарының көпшілігі ертеден тойлап келеді. Кейбір деректерге сүйенсек, Наурыз мейрамы Орта Азия халықтары арасында бес мың жыл бойы аталып өтуде. Бұл мейрамды ежелгі гректер "патрих", тәжіктер "гүл гардон", "бәйшешек", хорезмдіктер "наусарджи", татарлар "нардуган", бурятттар "сагаан сара", армяндар "навасарди", чуваштар "норис ояхе" деп түрліше атаған. Әбу Райхан Бируни, Омар Найям және тағы басқа ғұламалардың еңбектерінен Ұлыстың ұлы күнін мерекелеуге қатысты мағлұматтарды көп кездестіруге болады.
Мәселен, парсы тілдес халықтар Наурыз мейрамын бірнеше күн тойлаған. Әр жерге от жағып, оған май құятын болған, жаңа өңген жеті дәнге қарап, болашақты болжаған. Наурыз жаңару, жаңғыру мерекесі болғандықтан, ескі-құсқы киімдерден арылып, ескірген шыны аяқты сындырған.
• Наурыз сөзі парсы тілінен аударғанда "жаңа күн" деген мағынаны білдіреді. Қазақ халқы Наурыз мейрамын күн мен түн теңесетін, жаңа жылдың басталар шағында тойлаған. Ұлыстың ұлы күнін "Армысың, Әз Наурыз" деп қарсы алған. 21 наурызда Жер иесі – Қыдыр ата ел-елді аралап, бақыт сыйлайды, бата береді деген наным-сенім бар.
22 наурызда әлемде болған тарихи оқиғалар
• 1882 жылы АҚШ Конгресі көп әйел алуға тыйым салды;
• 1902 жылы Британия мен Персия Еуропа мен Үндістанды телеграф желісі арқылы байланыстыру туралы шартқа қол қойды;
• 1904 жылы Лондонның "London Daily Illustrated Mirror" газетінде әлемдегі алғашқы түрлі түсті фотография жарық көрді;
• 1995 жылы ғарышкер Валерий Поляков ғарышта өмір сүру бойынша әлемдік рекорд орнатып, Жерге оралды (437 күн 18 сағат).
22 наурызда Қазақстанда кімдер дүниеге келді
• 1902 жылы әйгілі жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, әдеби сыншы, аудармашы Ғабит Мүсірепов дүниеге келді. Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, социалистік еңбек ері, ҚР халық жазушысы, Қазақ КСР Ғылым академиясының Абай және Ш. Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтарының иегері;
• 1926 жылы актер Мәкілқожа Құланбаев дүниеге келді. Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі, Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының иегері;
• 1949 жылы әнші әрі жазушы Жәнібек Кәрменов дүниеге келді. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегері;