Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдердің үздік 50-лігіне енді

Қазақстан тұрғындарының бақыт деңгейі бойынша World Happiness Report рейтингінде әлемнің ең бақытты 50 елінің қатарына енді, деп хабарлайды newsroom.kz.

Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдердің үздік 50-лігіне енді
фото: tengrinews.kz

Рейтинг көшбасшысы қатарынан сегізінші жыл қатарынан Финляндия болды. Сондай-ақ үздік бестікке Дания, Исландия, Швеция және Нидерланды кірді.

Алғашқы 20 елдің қатарына Коста-Рика, Норвегия, Израиль, Люксембург, Мексика, Австралия, Жаңа Зеландия, Швейцария, Бельгия, Ирландия, Литва, Австрия, Канада, Словения және Чехия енді.

Қазақстан бұл тізімде 43-орынға жайғасып, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Армения, Грузия және Әзербайжанды артта қалдырды. Ал Украина 111-орыннан көрінді.

Елдердің рейтингтегі орны келесі алты параметр бойынша есептелді:

  • Жан басына шаққандағы ЖІӨ
  • Өмір сүру ұзақтығы
  • Жомарттық деңгейі
  • Әлеуметтік қолдау
  • Еркіндік деңгейі
  • Коррупцияның өмірлік шешімдерге әсері

Айта кетейік, бұл рейтингте ТМД елдерінің ешбір қаласы әлемдегі үздік гастрономиялық қалалар тізіміне енбеді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату