Әлем

Қытайда есірткі үшін 4 канадалық өлім жазасына кесілді

Канада билігі Қытайдың 2025 жылдың басында есірткі қылмысы үшін сотталған төрт азаматына қатысты өлім жазасын орындағанын растады,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы BBC сайтына сілтеме жасап.

Қытай ауыр қылмыстарға, соның ішінде есірткіге, сыбайлас жемқорлыққа және тыңшылыққа қатысты өлім жазасын тағайындайды. Өлім жазасына кесілгендердің саны құпия сақталса да, адам құқықтарын қорғау ұйымдары Қытайда өлім жазасы орындалу көрсеткіші әлемдегі ең жоғары елдердің бірі деп санайды.