Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Белгілі сценарист Нұрлан Санжар жансақтау бөліміне түсіп қалды

Белгілі жазушы, сценарист, Қазақстан халқының еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Санжар өкпенің қатерлі ісігіне шалдыққан. Бүгін ол жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды newsroom.kz пориалы Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Белгілі сценарист Нұрлан Санжар жансақтау бөліміне түсіп қалды
Orda.kz

Orda.kz сайтының қазақ редакциясына жазушы, киносценарист, еңбек сіңірген қайраткер, «Менің атым Қожа» фильмінде басты рөлді сомдаған тұлғаның жұбайы хабарласып, оның жансақтау бөліміне түскенін айтты.

Бұған дейін жазушы «Халықтан ақша алмаймын, ел онсыз да жетісіп жүрген жоқ» деп, қолы ашық кәсіпкерлерден көмек күтті. 

Қазақ руханиятына өлшеусіз үлес қосқан киносценарист, жазушы, философия ғылымдарының кандидаты Нұрлан Санжар медициналық көмекке мұқтаж. Бұған дейін ол терапия алу үшін ауруханаға жатып шыққан еді.

Нұрлан Санжар – Еуропадағы Lambert академиялық баспасынан алты ғылыми кітабы жарық көрген ғалым, «Жошы», «Бату», «Періште», «Қызыл қар» романдарының авторы. Бұған қоса, баспадан шықпаған тоғыз қолжазбасы бар. Киносценарист ретінде де ол қазақ кино өнеріне өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Оның «Оралман», «Өліара», «Аллажар» фильмдері қазақ киносының қоржынына қосылған үлкен мұра. Сонымен қатар Нұрлан Санжар Садық Шерімбек сценарийін жазған «Қожа. Жаңа саяхат» фильміне де түсті.

Жүздескенде Нұрлан Санжар тілшімізге отбасылық қиындықтары туралы да ашық айтқан еді. Оның ұлы мүгедек, ал жұбайы ауыр ота жасатқан.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату