Жаңалықтар

Ninety One әншілері алаяқтардың құрбаны болды

Ninety One әншілері алаяқтардың құрбаны болды

Қазақстандық шоу-бизнесте аты дүркіреп тұрған Ninety One тобы даулы оқиғаға тап болды. Ұжым мемберлері Bala мен Ace алаяқтардың құрбаны болған. Белгісіз біреулер олардың атынан жанкүйерлермен сөйлесіп, олардан ашық фотоларын жіберуіді сұраған. Орын алған жағдайға қатысты JUZ Entеrtainment өкілдері жауап берді деп жазады Newsroom+ тілшісі  Gakku арнасына сілтеме жасап.  width= Атышулы топ мүшелерінің атынан табынушылармен әлдекімдердің сөйлесіп жүргені жайлы әлеуметтік желілердің арқасында белгілі болды. Ninety One жанкүйерлері сүйікті әншілері өздеріне түсініксіз хаттар жібергенін хабарлаған. Олардың айтуынша, мемберлердің атын жамылған адамдар топтың табынушыларынан ашық фотолар жіберуін сұраған. Даулы оқиғаға қатысты Ninety One тобының продюсерлік орталығы жауап берді. JUZ Entertainment өкілдері әншілердің өз жанкүйерлерімен желіде сөйлескендерін теріске шығарды.
Маңызды ақпарат! Ninety One тобының мүшелері әлеуметтік желілерде жанкүйерлермен жеке байланысқа шықпайды. Қазір біз тиісті құқық қорғау органдарына жүгініп, жағдайды қолға алудамыз. Абай болыңыз! Алаяқтардың әрекеттеріне және хаттарына сенбеулеріңізді сұраймыз", - деп жазылған хабарламада