Білім

1 сәуірден бастап 1 сыныпқа құжат қабылдау басталады

1 сәуірден бастап Қазақстанда 1-сыныпқа құжат қабылдау науқаны басталады, деп хабарлайды newsroom.kz. Құжаттарды қабылдау мерзімі 31 тамызға дейін жалғасады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі Орта білім комитетіне сілтеме жасап мәлімдеді.

Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңына сәйкес, 1-сыныпқа 6 жасқа толған балалар ата-анасының өтініші негізінде қабылданады.

Құжаттарды тапсыру тәсілдері:

  • egov.kz электрондық порталы арқылы
  • Жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы
  • Мектепке барып, қағаз түрінде тапсыру

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. Қазақстан азаматтары үшін:
  2. Ата-аналардың немесе заңды өкілдердің өтініші
  3. № 065-у үлгісіндегі денсаулық туралы анықтама және № 052-2/у баланың денсаулық паспорты
  4. 3x4 см өлшеміндегі 2 фотосурет

Шетелдік азаматтар үшін:

  1. Баланың ата-анасы немесе заңды өкілдері Қазақстанда тұрақты немесе уақытша тұруы керек
  2. Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құжаты және тіркеу белгісі болуы қажет

Құжаттар дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Демалыс және мереке күндері қабылдау жүргізілмейді.

Құрметті ата-аналар, құжаттарды соңғы күндерге қалдырмай, алдын ала тапсыруды өтінеміз.