Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңына сәйкес, 1-сыныпқа 6 жасқа толған балалар ата-анасының өтініші негізінде қабылданады.
Құжаттарды тапсыру тәсілдері:
- egov.kz электрондық порталы арқылы
- Жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы
- Мектепке барып, қағаз түрінде тапсыру
Қажетті құжаттар тізімі:
- Қазақстан азаматтары үшін:
- Ата-аналардың немесе заңды өкілдердің өтініші
- № 065-у үлгісіндегі денсаулық туралы анықтама және № 052-2/у баланың денсаулық паспорты
- 3x4 см өлшеміндегі 2 фотосурет
Шетелдік азаматтар үшін:
- Баланың ата-анасы немесе заңды өкілдері Қазақстанда тұрақты немесе уақытша тұруы керек
- Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құжаты және тіркеу белгісі болуы қажет
Құжаттар дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Демалыс және мереке күндері қабылдау жүргізілмейді.
Құрметті ата-аналар, құжаттарды соңғы күндерге қалдырмай, алдын ала тапсыруды өтінеміз.