Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қызметтік иттер есірткі қылмысын ашуда тиімділік көрсетуде

ІІМ кинологиялық қызметі ел аумағында есірткі құқық бұзушылықтарын анықтау бойынша рейдтерге қатысып, қылмыстардың жолын кесуде, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қызметтік иттер есірткі қылмысын ашуда тиімділік көрсетуде
фото: Polisia.kz

ІІМ баспасөз қызметінің мәлім етуінше, Солтүстік Қазақстан облысында күдік тудырған көлік тоқтатылып, Виола есімді қызметтік иттің көмегімен тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде, көліктен 30 грамнан астам мефедрон табылды. Тергеу барысында ұсталған азаматтың есірткі жасырушы екені анықталды.

Тағы бір жағдай Алматы – Астана тасжолында тіркелген. Полицейлер тоқтатқан көлікті Тея есімді қызметтік ит тексеріп, 11 келіден астам гашиш есірткі заты тәркіленді.

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің кинологиялық қызмет басқармасының бастығы Алмас Күнтуовтың айтуынша, 2025 жылдың екі айында қызметтік иттердің көмегімен 100-ден астам есірткі құқық бұзушылығы анықталып, 600 келіден астам есірткі тәркіленген. Оның 48 келісі синтетикалық есірткі.

Құқық қорғау органдары есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтіп, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату