Диетологтар ұйқыға зиянды өнімдерді атады

23 Наурыз, 2020 55 0

Бавариялық тұтынушылар орталығының диетологі Хайдрун Шуберт ұйқысыздыққа сеп болатын өнімдер жайлы айтты, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі.

Маманның айтуынша, ұйқының бұзылуына қызылмия (солодка) әсер етуі мүмкін. Себебі, оның құрамында су-тұз балансына әсер етіп, қан қысымын жоғарылатып жіберетін глицирризин бар. Бұл өз кезегінде мазасыздықты туындатып, адамның ұзақ уақыт бойы ұйқының қашуына əкеліп соғады.

Сонымен қатар шикі көкөністерді тұтыну да ұйқыға зиян келтіреді. Өйткені олар ас қорыту жүйесін белсенді ұстауға көмектеседі. Сарапшы бұл дененің терең ұйқы фазасына енуіне кедергі келтіретінін атап өтті.
Сондай-ақ, ұйқы үшін чили мен зімбір де зиянды. Бұл өнімдер де зат алмасуды жылдамдатады және дене температурасын арттырады.

Диетологтың айтуынша, шөпті өсімдікте көп глицирризин қышқылы бар, ол қысымды арттырады және сулы-тұзды теңгерімге әсер етеді. Ұйықтар алдында шоколад жеп, кофе, шай ішсеңіз, ми демалмайды, керісінше күндізгі уақыттағыдай белсенді жұмыс істеп тұрады.

Хайдрунның сөзінше, ұйқысы жиі бұзылатын адамдар сағат 18:00 немесе 20:00-ден кейін тамақтанбағаны дұрыс. 

Тегтер: Ұйқыбұзылуы, Диетолог, Азық-түлік, Жаңалықтар,

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.