Ерлан Ақкенженов 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
• «Әділет» жоғары құқық мектебін және «Астана» университетін бітірген.
• Еңбек жолын 2002 жылы жеке меншік ұйымда бас маман болып бастаған.
• 2004-2012 жылдары мұнай саласындағы кәсіпорындарда басшылық лауазымдарда болды.
• 2012-2016 жылдары KPMG International (Rompetrol) компаниясында бас менеджер, трейдинг жөніндегі аға басқарушы директор болып жұмыс істеді.
• 2016 жылдан 2022 жылға дейін коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.
• 2022 жылғы шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай өнімдері маркетингі басқармасының бастығы болып қызмет етті.
Сондай-ақ, 45 жастағы Ерлан Ақкенженов 2023 жылдың маусымынан бері энергетика вице-министрі болған.
Айта кетелік, Қазақстанда атом энергетикасы агенттігі құрылғаны 18 наурызда белгілі болды. Ақорда таратқан ақпаратта жаңа агенттік уран өндіру, атом энергиясын пайдалану, радиациялық қауіпсіздік мәселелерімен айналысады, оған қоса Семей ядролық қауіпсіздік аймағының дамуына жауапты болады деп жазылған.