Әлем

Иранда өрт мерекесін тойлау кезінде 15 адам қаза тауып, мыңдаған адам жарақат алды

Ирандағы Чахаршанбех Сури өрт фестиваліне байланысты оқиғалардан кемінде 15 адам қаза тауып, 4800-ден астам адам жарақат алды,- деп хабарлайды newsroom.kz 

Мәліметтер бойынша, жарақат алғандардың ішінде 257 адамның аяқ-қолы кесілген, 1594 адамның көзі зақымданған, 1282 адам күйік шалған.

Сондай-ақ, өткен жылмен салыстырғанда қаза тапқандар саны 21 пайызға азайғаны атап өтілді. Алынған жарақаттардың едәуір бөлігі тұтанғыш материалдарды сақтау және пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шараларын бұзумен байланысты болды.