Мәдениет

Бір жылда отандық фильмдер 22 млрд теңгеден астам касса жинады

Қазақстандық киноиндустрия қарқынды дамып келеді. Үкімет отырысында TOP PRO CINEMA продюсерлік орталығының бас директоры Александр Аксютиц 2024 жылдың қорытындысы бойынша отандық фильмдер 22 миллиард теңгеден астам касса жинағанын мәлімдеді, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Бұл 2023 жылмен салыстырғанда үштен бір бөлікке көп. 

«Сонымен қатар прокатка шыққан картиналардың саны бір жылда 65-тен 107-ге дейін өсті, яғни екі есеге жуық. Одан да маңыздысы – қазақстандықтардың ұлттық киноға деген қызығушылығы артып келеді. Өткен жылы ең көп табыс тапқан 20 үздік фильмнің 70%-ы отандық өндіріс болып саналады. Бірнеше жыл бұрын еліміздегі кинотеатрлардың негізгі табысын шетелдік фильмдер қамтамасыз ететін», — деп атап өтті Александр Аксютиц.