Израиль Газа секторына қайта шабуылдай бастады
Израиль әскері Газа секторына екі айлық бітімнен кейін қайта соққы жасады. 18 наурызға қараған түні Израиль авиациясы ХАМАС нысандарына жаппай әуе шабуылын жасады, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
Газа денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл шабуылдар салдарынан кемінде 200 адам қаза тапқан.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху әскери операцияның қайта басталуын ХАМАС-тың қалған тұтқындарды босатудан бас тартуымен және бітімді ұзарту жөніндегі ұсыныстарды қабылдамауымен байланыстырды.